Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия жаңа жұмыс жоспарын бекітті

Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігі жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия өткен жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Әйелдер экономиканың барлық салаларында жемісті еңбек етуде. ҚРКФ жанындағы еңбекші әйелдер жөніндегі комиссия 2016 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Ақтөбеде комиссия көп жұмыстарды қолға алды. Өткен жылы пандемия кезінде кәсіподақ бастамасымен көп балалы, аз қамтылған және жалғызбасты 26 анаға қолдау жасалды. Азық-түлік пакеттері тегін таратылды. Жалпы,комиссия өңірдегі облыс әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен де тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Бастысы еңбекші әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау мен еңбек ұжымдарындағы ұжымдық шарттар, келісімдер арқылы олардың құқықтарының жан-жақты сақталуына қолдау жасалады. Комиссия мүшелері өткен жылды қорытындылап, алдағы 2021 жылға жаңа жұмыс жоспарын бекітті.