ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Қостанай облысындағы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымына жаңа төрайымды таныстырды

Бүгін жұмыс сапарымен Қостанай облысына келген ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев осындағы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымына жаңадан сайланған төрайым Аронова Ирина таныстырып, Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Артынша әлеуметтік әріптес – Қостанай облысының әкімімен кездесті. Екі жақты кездесу барысында тараптар Қостанай өңіріндегі кәсіподақтар қызметінің маңыздылығы мен еңбек қатынастары мәселелеріне тоқталды.

Архимед Мұхамбетов әкімдіктің Еңбек Адамының мүддесін қорғау жолында бұдан әрі де әлеуметтік әріптес ретінде ынтымақтастықты нығайта беретіндіктерін жеткізді.