Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев осындағы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысына қатысып, бірлестіктің жаңа төрағасы Бағлан Қарашолақовты таныстырды. ҚРКФ төрағасының орынбасары Федерациясының алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарының негізгі басым бағыттарын атап өтті.
Биыл 5 ақпанда Федерацияның Атқару Комитетінің мүшелері бірауыздан сайлаған Бағлан Қарашолақов өз қызметін құрылысшы болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Меркі, Шу, Жуалы Мойынқұм аудандарының әкімі, Жамбыл облысының тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, облыстық Мәслихаттың хатшысы болған.
Бүгінгі таңда облыстық кәсіподақтар бірлестігі құрамына 122 054 еңбеккерді қамтитын 15 салалық кәсіподақ ұйымдары кіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны 1302.
Жамбыл облысындағы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 984 өндірістік кеңестер құрылған. Бұл өндірістік кеңестерде 1302 еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар жұмыс атқарады.