Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыс орындарын сақтау мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекованың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Онлайн кеңеске қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады және қабылдады, онда Қарағанды өңірінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері, жергілікті атқарушы биліктің уәкілетті органдарының жұмыспен қамту саласында қабылданған шаралар мен іс-қимылдар туралы есептері көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығынан комиссия жұмысына Кәсіподақ Орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина қатысты.

Кәсіподақтардан комиссияның жұмыс жоспарына – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, бар жұмыс орындарын сақтау туралы мәселені қосу туралы ұсыныс енгізілді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Салалық және жергілікті кәсіподақтарының Аумақтық құрылымдары әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, Еңбек адамының еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша тұрақты жұмыс істейді.