Үшжақты комиссияның отырысы өтті

2021 жылы 23 ақпан күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Оған комиссия мүшелері «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Б.Әлтеев, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Тургинбаева, Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Конфедерациясының өкілі А.Суворов, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер өңірлік өкілінің орынбасары А.Толщин, «Визит» ЖШС-нің бас директоры В.Злавдинов, «Восход» ЖШС-нің бас директоры А.Кожаков, «Алтынбаев» ЖК И.Алтынбаев, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысы Б.Қалжанов, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Кеуенова, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев катысты.

Мәжілісті қала әкімінің орынбасары М.Исахов ашып, күн тәртібіндегі төмендегі мәселелерге тоқталды:
1. Комиссия құрамына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып жаңадан сайланған Б.Әлтеевті, сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Л.Тургинбаеваны және Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Р.Шерімовті бекітті.
2. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссия отырысының 2021 жылғы жұмыс жоспары үш жақты тараппен келісе отырып, оны бекітті.
3. 2021 жылдың 3 ақпанында жалақыға қатысты «Shymkent Bus» «БК» ЖШС-нің 100-ге жуық жүргізуші-кассирлерінің ереуілге шыққандығы бойынша мекеме басшысы ««Shymkent Bus» жүргізушілердің ұсыныстары 300 мың айлық талап ету мәселесі бойынша ортақ шешімге келе 15 күндік жалақысын 200 000 тг-ге өсірдік және сонымен қатар кондуктордыңда 15 күндік жалақысын 100 000 тг-ге өсті.

Сондай-ақ, жалпы қызметкерлеріміздің саны 1200, оның ішінде кондукторлар саны 502 ге артты.» – деп, Азат Фархадұлы Қайыпбеков пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарлығаш Ерікқызы Қолдасбековалар есебін берді.

Сонымен қатар үш жақты комиссия мүшелері айына бір рет компания ұжымы мүшелерімен кездесіп отыруды ұйғарды.

Мәселе тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.
4. Басқа өңірлердегі мұнай-газ саласында орын алып жатқан толқуларды ескере отырып, ұжымдағы еңбек жағдайларына байланысты «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС-де 1757 адам жұмыс жасайды, оның 1680 адамы жергілікті азамттар 75 шетелдік азаматтар. Персоналдық орташа жасы 41 жас. Сонымен қатар, 2020 жылы орташа айлық көзі 395811 тг құраса, ал 2021 жылдан бастап 1 сәуірден айлық көрсеткіші 12%-ға өсетінін, бұдан бөлек ұжымдық шартқа сәйкес жылына 1 млн. 200,0 мың теңге көлемінде әр жұмыскер үшін әлеуметтік пакет қаралғандығын «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС-нің әкімшілік құқықтық мәселелер және персоналды басқару департаментінің директоры Г.Әшірбаева хабарлады.
5. Денсаулық сақтау саласында кіші буынды медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы З.Нұртаеваның хабарламасы тыңдалды.

Қаламызда 36 медициналық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде, біреуі мемлекеттік мекеме 4 жасқа дейінгі балаларды тегін емдеп жәнеде 34-36 жас аралығындағы кісілер қаржыландырылады өзінің көрсеткен қызметіне қарай. Ал, қалған 29 мекеме республикалық медициналық ұйымдар. Сондай-ақ, 7 қазыналық кәсіпорын бар.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердін 3 жылдық айлық көрсеткішін 2023 жылға дейін 2,5 есеге өсіп экономикадағы орташа айлық жалақысын көрсетілетінін айтты. Қазірге тек сыйақы беру, тағы да басқа көтермелеулер арқылы жалақының ептеп көбейтуге септігін тигізу шаралармен ғана шектеліп отырғанын айтты.

6. Ұжымдық шарт жасасудың жағдайы туралы.
Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов пен «Шымкент қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов ұжымдық шарт жасасу пайызын жоғары деңгейге көтерудің жолдары бойынша ұсыныстарын берді. Оның ішінде индустриалды және еркін экономикалық аймақтағы кәсіпорын басшыларымен басқосу өткізіп, ұжымдық шарт жасасу бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу тапсырылды.