Көкшетауда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен “Бурабай” СС бастауыш кәсіподақ ұйымының проблемалық мәселелері бойынша кездесу өтті.
Облыстық АКБ төрағасы Қали Рахметов, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Дінмұхамед Шалабаев облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А. К. Букубаевпен, “Бурабай” БЖСМ КММ директоры Т. К. Шәкеновпен кездесу өткізді.
Кездесуді өткізуге “Бурабай”спорт сарайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы мен мүшелерінің үндеуі себеп болды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері көтерген мәселелерді талқылау және кездесу қорытындысы бойынша шешім қабылданды.
Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Д. М. Шалабаев барлық карантиндік шаралардың сақталуын ескере отырып, “Бурабай” СС жұмысшылары – бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесулер өткізіп, еңбек заңнамасына, кәсіподақтар туралы Заңға және Жарғыға, салалық кәсіподақтың ережесіне сәйкес түсініктемелер беретін болды.