2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі Винрок халықаралық институты («ВИНРОК») арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚРКФ Төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева және SMICA жобасының жетекшісі Элеонор Валентайн қол қойды.
Меморандум мигранттарды қолдауға, олардың еңбекке пайдалану алдындағы осалдығын төмендетуге және адам саудасының құрбандарын қорғауға бағытталған USAID «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы аясында ынтымақтастықты көздейді.
Меморандум аясында тараптар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау мәселелерін бірлесіп шешуді өздерінің бірауыздан қолдайтындарын атап өтті.
Кәсіподақтар федерациясы ҚРКФ Заң клиникасы арқылы еңбек мигранттарына алғашқы консультациялар беру, сондай-ақ жобаның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына көмек түрінде қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді.
«Винрок» ұйымы, өз кезегінде, адам саудасына қарсы іс-қимылға қатысатын жергілікті үкіметтік емес ұйымдар үшін ҚРКФ Заң клиникасының жұмысын ұсынуға, сондай-ақ ҚРКФ Заң клиникасының қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту іс-шараларына қолдау көрсетуге ниетті.
Гүлнара Жұмагелдиева құжаттың мақсаттары мен міндеттері туралы айта отырып, Меморандумға қол қоюдың Федерацияның кәсіподақтардың еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаудың тиімді еңбек шешімдерін әзірлеуге және тең еңбек жағдайларын жасауға ұмтылысы тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.
«XXVI Съезде қабылданған «Қазақстан кәсіподақтары халықаралық ынтымақтастықты нығайтады» Кәсіподақтар федерациясының қаулысы кәсіподақтардың халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, соның ішінде еңбек мигранттарының жағдайын жақсартуға деген ниетін көрсетеді», – деді Гүлнара Жұмагелдиева.
SMICA жобасының жетекшісі Элеанор Валентайн өз кезегінде «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон бағдарламасын» алдағы 5 жылда жүзеге асыру жоспарлары туралы хабарлады.
Бағдарлама сарапшылары қазіргі уақытта аймақтағы үкіметтермен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен стратегияларды зерттеу және бірлескен іс-қимыл жоспарын құру үшін ынтымақтастық орнатуда.
Кездесу барысында тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастарының негізгі аспектілері бойынша сындарлы өзара әрекеттесуге ниеттерін білдірді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы