Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Дінмұхамед Шалабаевпен мәдениет саласындағы проблемалық мәселелерді талқылады.
Талқыланған басты мәселелердің бірі – облыс әкімінің атына 2020 жылы Ақмола облысының педагог қызметкерлеріне ұқсас ауылдық жерлерде тұратын мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуге қаржы қаражатын көздеу мүмкіндігін қарау туралы ұсыныс енгізу.
Сондай-ақ, Дінмұхамед Шалабаев “Бурабай” СС бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысшыларымен кездесу және өткізілген кеңес қорытындылары туралы айтып берді.