Кәсіподақ үшжақты келісім жасады

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты аудандық келісім жасалды. Ол еңбек заңдылықтары, ұйымдағы жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында жасалған ұжымдық шарт аясында жүзеге асады.

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырыстарында еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу, жұмыспен қамту шаралары және жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау мәселелері қаралды.

Жуырда жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдік­терін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қол қойған тараптар әрқай­сысы өз өкілеттігі шегінде өзінің жауап­кер­шілігін мойындайды және еңбек қатынастары барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, кез келген мәселені тараптың өтініші бойынша өзара кеңестер жүргiзе отырып шешеді. Жиын соңында “Парыз” конкурсына қатысқан аудан кәсіпкерлері М. Сейткамалова мен мәслихат депутаты Н. Сарбасовқа ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алғыс хаты табыс етілді.