Бастауыш кәсіподақ ұйымының бір күні

2021 жылы 24 ақпан күні Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында бос лауазымдық орынға, яғни басқарманың салықтық бақылау бөлімінің жетекші маманы лауазымына конкурс өткізілді.

Аталған конкурстың өтуіне және оған қатысқан үш үміткерлердің әңгімелесу барысы кезеңінің әділ өтуіне «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов байқаушы ретінде қатысып, жақсы деген бағасын берді.

#КәсіподақКз #БҚҰ21
#ПрофсоюзКз #ППО21