2021 жылдың 23 ақпанында «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығының шақыруымен, кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін кәсіподақтардың үш қоғамдық бірлестігінің төрағалары, басқармалар мен қызметтердің басшылары және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өкілі және кәсіпорын директоры Н.Н.Корсаковтың қатысуымен өткен кездесуге, Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің төрағасы Айтжанова Д.Н. және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» келісім орталығының жетекшісі Иванова М.А. қатысты.
Талқылаудың тақырыбы қолданыстағы еңбек заңнамасына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, келісім комиссиясының жұмысына, еңбек дауларының алдын алуға байланысты жергілікті әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамыту болды. Ұжымдық келісім-шарт қарсаңында жиналысқа қатысушылар қоғамдық кәсіподақ ұйымдары қызметкерлерінің арасынан бірыңғай өкілді орган құру және жұмыс комиссиясын құру мәселелерін талқылады.