Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері үйретілді

Нұр-Сұлтан қаласының №8 қалалық емханасының базасында «Жарақаттар. Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара “SENIM ” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ю. Мұсабаев пен қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер У.Раисовтың бастамасымен ұйымдастырылды.

Семинарда жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі дағдыларын үйрету, сондай-ақ симулятор-манекендерді пайдалана отырып, шұғыл жағдайларда көмек көрсету тәсілдері көрсетілді.

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осы тәжірибені жалғастыру қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.
#КәсіподақКз #БҚҰ21