Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялануына байланысты, 2021 жылдың 1 наурызында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Өмірәлі Бердіғали Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында орналасқан «Агроөнекәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігі» салалық кәсіподағына қарайтын бастауыш кәсіподақ ұйымдарына барып қайтты.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің күнделікті еңбек қызметінде кездесетін кейбір мәселелерін саралап, сала қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайлары мен еңбекті қорғау мәселелеріне тоқталды.
Кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтты. Кездесу соңында қызметкерлермен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.