Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады

Сергеев Сергей Святославович кәсіподақ қозғалысында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 2020 жылы конференцияда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір Департаменті В.И. Ленин атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. Сайланғанға дейін Сергей Святославович осы еңбек ұжымында тазалау кенжарының жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша жерасты электр слесарі болып жұмыс істеді. Шахтадағы көпжылдық жұмыс тәжірибесінің арқасында тау-кен ісі қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметінде кездесетін барлық мәселелерін жақсы біледі.

Төраға бастаған Ленин атындағы шахтаның кәсіподақ комитеті бір жарым мың адамнан тұратын кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын қорғайды.

Өз жұмысында Сергей Сергеев ұсақ-түйектерді білмейді. Күн сайын адамдар оған қажетті қолдау алу үшін келеді және Сергей Святославович өзінің басты міндеті – кез-келген, тіпті елеусіз болып көрінетін мәселені назардан тыс қалдырмау деп есептейді, және бірінші кезектегі сұрақтардың бірі – жұмысшыларға да, еңбек ардагерлеріне де, «регресшілерге», қауіпті аймақтардағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға және апаттарды жоюға қатысушыларға материалдық көмек, санаторийлер мен демалыс үйлеріне сауықтыру үшін жеңілдіктер беру.
Шахтаның кәсіподақ комитеті күн сайын кәсіпорында қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты жағдайды бақылап, жаңа қызметкерлерді қабылдауға тырысады. Сондай-ақ, бастауыш ұйымның басты назарында-қызметкерлерді арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен уақытылы қамтамасыз ету.

Көптеген сұрақтар Әлеуметтік серіктес Арман Қалықов – Ленин атындағы шахтасының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутатымен нақты диалог құруда оң шешімін тапты.

Қызметкерлерді құқықтық қорғау аясында кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Сергеев ұжымда талқылау жүргізеді және 2021 жылдың соңында аяқталатын ұжымдық шартты жақсарту және толықтыру бойынша ұсыныстар жинайды. Бұл ұсыныстар «КАЗУГЛЕПРОФ» көміршілердің салалық кәсіптік одағының «Қорғау» көміршілер кәсіподағының Біріккен комитетінің отырысына шығарылады.

Бастауыш ұйым төрағасының жұмысы оңай емес, бірақ оның жұмысындағы басты қағидаттар – бұл қиындықтарда тек мінез шыңдалады, ал ұжым жүктеген жауапкершілік шахта қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға екі есе күш жұмсауға итермелейді.

#ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы #КәсіподақКз #БҚҰ21