Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы наурыз мерекелері қарсаңында кіші қызметкерлерін марапаттауды ұйғарды.
Исатай Тайманов атындағы Қобда гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне жұмыстағы жауапкершілігі мен жылдар бойғы адал еңбектері, жауапкершіліктері мен тиянақтылығы үшін ризашылық білдірілді. Оларға кәсіподақ жетекшілері алғыс хатттар мен сыйлықтар табыс етті.
«Біз әрбір еңбек адамын құрметтей білу керекпіз. Еден жуушы, аула сыпырушы, күзетші т.б. жұмысшылардың еңбегін үнемі елеп, ескеріп, әлеуметтік қолдау танытуды үнемі мақсат етеміз. Бастауыш ұйымдарда ұжымдық шарт аясында барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталған. Мереке қарсаңында 2 кіші қызметкерімізге денсаулықтарын нығайту үшін шипажайға жолдама бердік», – дейді аудандық кәсіподақ жетекшісі.
Еңбек адамдарының мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан бастамалары біраз. Кәсіподаққа кірген әр қызметкерге әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетіледі. Кепілдіктер мен материалдық қолдау, шипажайларға жолдама беруде жеңілдіктер қарастырылған.
«Мереке қарсаңында осындай сыйлық жасап, құрметтегені үшін кәсіподаққа ризамыз», – дейді бастауыш ұйым мүшелері.
#КәсіподақКз #БКҰ21
#ПрофсоюзКз #ППО21