Өңірдің кәсіподақ ұйымдарында ұжымның бірлігі мен белсенділігін арттыруға бағытталған бірнеше шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, әр еңбек ұжымында өзіндік қалыптасқан дәстүрлі іс-шаралар бар. Дәл сондай дәстүрлі шаралардың бірі Орал қалалық «Батыс Су арнасы» ЖШС ұжымында өткізілді. Жаңа жылдың қаңтар-ақпан айлары аталмыш ұжым үшін «Сауықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру» айлары болды. Биылғы жылы да ол дәстүр өз жалғасын тапты.
Бірлігі жарасқан еңбек ұжымы өз отбасыларымен бірге «Еуразия» және «Самал» туристтік-сауықтыру кешендерінде денсаулық күнін ұйымдастырды. Шара барысында кәсіподақ мүшелері таза ауада шаңғы теуіп, таудан сырғанап, әртүрлі бағыттағы спорттық ойындардан жарыстар өткізіп, бірлестіктің ауызбіршілігін көрсетті.
Екі айға жалғасқан денсаулық шарасына кәсіпорынның 172 қызметкері және олардың отбасы мүшелері қатысты.
Қызметкерлер осы уақытқа дейін еңбек адамының көңіл күйі мен белсенділігіне назар қойып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып келген кәсіпорын басшылығына және кәсіподақ ұйымына өз алғыстарын жеткізді.