«30 игі іс» акциясы жалғасуда

«Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “KYZMET” мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің еріктілері «Жас Орда» Жастар  қауымдастығының еріктілерімен және «Chicken King» отбасылық тез тамақтану мейрамханасымен бірлесіп, еңбек ардагері Дана Кенжебаеваның үйінің маңындағы аумақты қардан тазартуды ұйымдастырды.

Белгілі қазақстандық қоғам және саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІІ және ІІІ шақырылымдарының депутаты, Қарағанды қаласының әкімі (1987-1997 жж.) Шаймерден Әбілмәжінұлы Оразалиновтың жары Дана Кенжебаевна 32 жылдан астам Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды техникалық университеті) философия кабинетінің меңгерушісі, содан кейін қоғамдық ғылымдар кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ізгі іс аяқталғаннан кейін Дана Кенжебаевна жастарға зор денсаулық және осы игі істе табыс тіледі.