«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметовтың ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысып, еліміздің дамуына, гүлденуіне үлес қосып жүрген әйел азаматтарына және бастауыш кәсіподақ комиттерінің төрайымдарына құрмет көрсетілді.
Еңбеккер әйел, әйел-аналар елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына баға жетпес үлестерін қосып жүрген Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова және заң бөлімінің аға инспекторы Адина Шойқараеваға облыстық филиалдың Алғыс хатын, «Мырзашөлім – мырза елім» атты М.Жақыптың кітабын сыйға тартты.
«Біз кәсіподақтар көп балалы аналарға қай саланың қызметінде жүрсе де жеңілдіктер қарастыруға тиістіміз. Мекеменің ұжымдық шарты бойынша әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құнды құжатқа аса назар аудару қажет. Еңбек ететін әйелдерге, ұжымдық шарт арқылы қосымша жеңілдіктер қарастыруға ұмтылуымыз қажет. Сіздерге мың тағзым. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз», – деді өз сөзінде кәсіподақ төрағасы Қ.Т.Хаметов.