8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Серіктес” жергілікті кәсіподағының төрағасы Қали Сабыржан Базылбекұлы ұжымды мерекемен құттықтады.
«Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік қоғамының құрылғанына көп жыл өтті және қазіргі уақытта ол тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ірі электр энергетикалық компания болып табылады. Мұнда әртүрлі бөлімшелер жұмыс істейді, олардың әрқайсысының өз міндеттері бар. Осылардың ішінде компания қызметінде маңызды буын болып табылатын кеңсе бөлімін ерекше атап өту керек.
Кеңседе негізінен жоғары білікті әйел мамандар жұмыс істейді: Кеңсе меңгерушісі – С.А.Смагулова; жетекші мамандар – Т.В.Башта және І.Жұмашқанова; аға мамандар – Ш.Б.Болаткулова және К.Д.Онласын; хатшылар – Г.А.Махмутова, А.Мухпулова, А.Аманжолова, Б.Бекбосынова; мұрағатшылар – А.Р.Мухпулова және Г.А.Смагулова; аудармашылар – Л.Рсымбетова және А.Сисенова және іс-қағаздарды жүргізуші – А.Асылбек. Кеңсе үйлесімді топпен жұмыс істейді, өз міндеттерін кідіріссіз орындайды, кіріс құжаттарды өңдейді, кіріс және шығыс хаттарды тіркейді, кіріс құжаттарды бақылайды, хаттарды өңдейді және тұтынушыларға жібереді, бұйрықтарды, нұсқауларды тіркейді. Сондай-ақ Кеңсе персоналы басқа бөлімшелердің қызметкерлерін «электронды құжат айналым жүйесінде» жұмыс істеуге үйретеді.
«АЖК» АҚ мұрағатын құру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, ол 2011 жылдың күзінен бері жұмыс істеп келе жатыр. Мұрағатта 1942 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі құжаттар бар. Мұрағатшылар өздерінің күнделікті жұмысында мұрағат қорының есебін, тәртібін және сенімді сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мұрағаттық анықтамаларды, техникалық шарттардың телнұсқаларын береді, сонымен бірге құрылымдық бөлімшелермен және басқа ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді.
Кеңседе үздіксіз, шаршамай, талмай енбек етіп келе жатқан, еңбек өтілдері 40 жылға жуықтаған қызметкерлер – Т.В.Башта, Г.А.Махмутова, Л.С.Рсымбетова жайлы да айта кеткен жөн.
Татьяна Владимировна Башта – Кеңсе бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарады. Өз жұмысын бес саусақтай біледі, тыңғылықты орындайды. Жас мамандарға өз біліктілігін көрсетіп қана қоймай, әр істі жауапкершілікпен, тиянақты орындауға үйретеді. Әрқашан бірге жұмыс атқаратын әріптестеріне құрметпен қарайды. Кеңсенің ең негізгі әрі маңызды жұмысы – Кеңсеге түсетін кіріс хаттарды қабылдап, тіркеп, тарату, хаттарды уақтылы мекеме басшыларына электронды және қағаз түрінде жіберу, бұл – оның тікелей міндеті болып табылады. Тоқтаусыз ағылған құжаттармен жұмыс жүргізу үлкен жауапкершілікті талап ететіндіктен, үзіліссіз жұмыс істеуге тура келеді.
Махмутова Гуляндам Ахметжановна – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, бас инженердің қабылдау бөлмесінің хатшысы қызметін атқарады. Осы қызметте қалтқысыз, ерінбей, талмай еңбек етіп келе жатқанына 30 жыл болған. Ол мекеменің және басшының негізгі талаптарын мүлтіксіз орындайды, келген құжаттарды басшының қарауына беріп, әр құжатқа қойылған қолтаңбаға және олардың құрылымдық бөлімшелерге жөнелтілуіне, дұрыс ресімделуіне бақылау жасап отырады, бұқаралық-ақпараттық құралдарымен келіссөздер жүргізеді, мекеме басшысына сырттан келушілерді қабылдап, тіркейді, іс-сапарға шығатын мекеме басшыларының құжаттарын ресімдейді.
Гуляндам Ахметжанқызы біліктілігі мен белсенділігінің арқасында «Үздік қызметкер» деп танылған. Өзіне жүктелген әрбір тапсырмаларды уақтылы, тиянақты және үлкен жауапкершілікпен орындайды.
Кеңсенің тағы бір маңызды қызметі – аударма, аудармашы мамандарының бірі – Рсымбетова Лиза Сералықызы 14 жыл бойы Кеңсе бөлімшесінде еңбек етіп келеді. Компанияның негізгі құжаттарын, атап айтқанда бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін, кіріс, шығыс хаттарын, келісімшарттарын, инвестициялық бағдарламаларын, бұдан өзге, түрлі мазмұндағы құжаттарды, «АЖК» АҚ сайтында жарияланатын түрлі мәтіндерді аударады. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, оның төрден орын алып, энергетика саласын өз ана тілімізде сөйлетуге атсалысуда. Күнделікті түсетін әр құжаттың сапалы түрде екі тілге аударылуын қамтамасыз етеді.
Кеңседегі құжат айналымын көзінен таса етпей бақылап, бөлімдегі жұмыстың уақытында және сапалы атқарылуына өзінің бар күш- жігерін жұмсап жүрген Кеңсе меңгерушісі Смагулова Светлана Абдаршитовнаның да Компанияға сіңірген еңбегі мен қосқан үлесін ерекше айта кету керек. Ол әйелдер ұжымынан жасақталған осы қызметкерлердің алаңсыз, бар ынтасымен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасауда және қармағында жұмыс істеген талай жастардың кәсіби түрде өсуіне бірден-бір себепкер. Еңбек жолын Кеңседен бастаған олар қазір Компанияның ірі басқармаларында табысты еңбек етуде.