ҚР Кәсіподақтар федерациясы жариялаған “Қалың қалай, бастауыш ұйым?” акциясы аясында және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “Қызмет” салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов пен қалалық филиалдың төрағасы Атақозы Нұрланов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының қызметі, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықтары мәселелері талқыланды.
М.Жақыпов кәсіподақтың қызметі, жұмыс бағыттары және алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының әйелдерін төл мерекелерімен құттықтап, кәсіподақ саласындағы белсенді еңбегі үшін алғыс білдіріп, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Ер азаматтардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылып, өлеңдер оқылды, ханымдарға гүлдер мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Елордалық филиалдың төрағасы А.Нұрланов халықты жұмыспен қамту орталығы бастауыш ұйымының жұмысын оң бағалап, белсенді мүшелерін марапаттады.
Сонымен қатар, “Қызмет” салалық кәсіподағының жетекшілері «Ішкі істер министрлігінің емханасы бар орталық госпиталінің» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен де кездесіп, медицина қызметкерлеріне грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.