«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың қал-жағдайларымен танысып, өзекті мәселелер және оның шешу жолдары жөнінде әңгімелесті.
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткізілген кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымының ашық есік күндері, кәсіподақ мүшелерін оқытудан өткізу, танымал еңбек адамдарымен кездесу өткізу, наградаларға ұсыну, жолдама беру, ұйымның ұжым алдында есеп беруі, келісім-шарттар мен ұжымдық шарттар жасасу, олардың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қозғалды.
Қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов басқарманың белсенді кәсіподақ мүшелері Гүлмира Пернебаеваны және Әсел Айхынбаеваны «Алғыс хатпен» марапаттады.