«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақовтың төрағалығымен үйлсетіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің отырысында Б. Қарашолақов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «30 Еңбек Елшісі» жобасының іріктеу кезеңі аяқталып, 30 жеңімпаздің ішінде Жамбылдық жас белсенді кәсіподақ мүшесі, «Жамбыл-Тараз» газеті редакциясының тілшісі- Бердецкий Кирилл және «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің филиалы «Байзақ аудандық комитеті» төрағасы- Ермеков Елнурбек бар екенін жеткізді. Сонымен катар «Халық бюджеті» жобасына да кәсіподақ жетекшілерін белсенді түрде қатысуға шақырды.
Отырыста Б. Қарашолақов салалық кәсіподақ ұйымдары тарапынан кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындар мен мекемелерде жалақы қарыздарын дер кезінде анықтап, оны басты назарда ұстауды және еңбек дауы мен әлеуметтік шиеленіс орын алуы мүмкін жағдайларды ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ биыл бастауыш кәсіподақ жылы аясында өңірде жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру жұмыстарының қарқынын жандандыруды және сала басшыларына кәсіподақ ұйымдары жоқ мекемелердің тізбесін жасақтап, онымен әрі қарай жұмыс жүргізудің бағыт-бағдарын жан-жақты айтып берді.
Бұдан әрі, сала басшыларына өңірдегі ұжымдық шарттардың жасалу деңгейін және өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар санын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жасау қажеттігін айтып, әлуеметтік -еңбек қатынастары бойынша негізі мәселелер алдағы уақытта өтетін облыстық Үшжақты комиссия отырысында қаралатынын жеткізді.
Салалық кәсіподақтар ұйымдарының жетекшілері өз ойларын ортаға салып, бірлесіп жұмыс атқаруға қатысты ұсыныстарын білдірді.
#kasipodaqkz, #ҚалыңҚалайБастауыш