«Халықтық бақылау» жобасы және «Нөлдік жарақат – vision zero» тұжырымдамасын іске асыру бойынша семинар өтті

«Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтардың, «Оңтүстік» СЭЗ кәсіпорындары мен ұйымдары басшыларының қатысуымен “Енбек” қатынастарының кейбір мәселелері тақырыбында жиын өтті.

Аталмыш шарада «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысып, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде түсіндіре кетті.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ, «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасын іске асыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған жобалар енгізілген кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың орын алу жағдайларының төмендеуі күтіледі.

#кәсіподақҚз
#kasipodaqkz