Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

«SENIM» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының орталық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңеске кәсіподақ жетекшілерімен бірге Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қатысты. Іс-шара барысында ақ халатты абзал жандарға өлшеусіз еңбектері үшін алғыс айтылып, сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбелік 50 медицина қызметкеріне мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, кеңесте ҚРКФ Стратегиясының басым бағыттары мен биылғы жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялануына орай қолға алынған іс-шаралар пысықталды.

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауын өткізу туралы ереже түсіндірілді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы медицина қызметкерінің жалақысын көтеру туралы жуырдағы ҚРКФ үндеуін қолдайтындықтарын да білдірді. “Медицина қызметкерлерінің лайықты әлеуметтік-еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – басты міндеміз”, – деп атап өтті кеңеске қатысушылар.