Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жарияланғаны бәрімізге мәлім. 80 жылдық тарихы бар «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде» бүгінгі күнде 116-ға жуық кәсіподақ мүшесі бар.
Бүгінгі таңда кәсіподақ мүшелерінің саны артып келеді. Бұл кәсіподаққа деген сенім артып келе жатқанын білдіреді. Галия Идирисбекова 2019 жылдың қаңтар айынан кәсіподақ ұйымының төрайымы болып қызмет атқаруда. Кәсіподақтың әр мүшесі ұйымның әлеуметтік әріптестігінің негізгі құжаты – ұжымдық келісім-шарт арқылы берілетін жеңілдіктерге ие болады.
Ұйымда маңызды өмірлік оқиғаларға, туған күндерге, мерейтойларға, әріптестерінің зейнетке шығуына, сондай-ақ түрлі мерекелерге арналған іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай «Мен өмірді жырлау үшін келенмін» атты кеші, Ауған соғысының ардагерлеріне ыстық лебіздерін білдіру мақсатында білім алушылар мен Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі, композитор Алтын Маханбетованың мерейлі шығармашылық кеші және т.б. Кәсіподақ құрылғаннан бері қызметкерлер үнемі барлық спорттық жарыстарға қатысып, алғыс хаттар, құрмет грамоталары, жүлделі орындарға ие болады.
Кәсіподақ комитеті жұмыскерлердің мүдделерін қорғап, еңбек заңнамасының сақталуына, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қоғамдық бақылауды орындай отырып, жұмыс берушімен бірлесе отырып, барлық еңбек ұжымының үйлесімді жұмысына ықпал етеді.