Кәсіподақ өкілдері жұмыс берушілермен кездесті

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Байзақ ауданында бірқатар жұмыс берушілермен кездесу өтті.

Кездесуге облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов, Байзақ ауданының әкімі Н.Нұржігітов, өңірлік ауылшаруашылық салалық кәсіподағының төрағасы Б. Данияров, “YNTYMAQ” шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық кәсіподағының төрағасы Ш.Исабеков және аудандағы өндірістік, сауда-саттық т.б. кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиналыста облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов кәсіпорын басшыларына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттарын айта отырып, еңбеккерлердің мүддесі мен құқығын қорғау және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде аудан әкімі Н.Нұржігітов әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақ ұйымдары санын арттыру мен кәсіподақ қозғалысын дамытуға бағытталған жұмыстарды атқаруға аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Жиын соңында кәсіпорын басшылары кәсіподақ жұмысына байланысты өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.