Кездесуге облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов, Т. Рысқұлов ауданының әкімі Е. Садырқұлов, облыстық ауыл шаруашылық салалық кәсіподағының төрағасы Б. Данияров, “YNTYMAQ” шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық кәсіподағының төрағасы Ш.Исабеков және аудандағы өндірістік, сауда-саттық т.б. кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесуде облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов кәсіпорын басшыларына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттарын айта отырып, еңбеккерлердің мүддесі мен құқығын қорғау және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, аудандағы ұжымдық шарттар мен меморандумдар санын арттыру маңыздылығын атап айтты.
Жиын соңында аудан әкімі Е. Садырқұлов аудандағы ауыл шаруашылық саласы мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жұмыстарын бірлесіп атқаратынын атап айтты.