Кәсіподақ өкілдері «Састөбе цемент» ЖШС жұмысымен танысты

2021 жылдың 15 наурызында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Данияр Кирбасов, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы» қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абурайра Манахов және Түркістан облысының «Автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті» кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде орналасқан «Састөбе цемент» ЖШС қызметкерлерінің қал-жағдайымен танысу мақсатында серіктестікке барды.

Сапар барысында зауыт басшысымен жолығып, зауыттың қазіргі жағдайымен танысты. Себебі, зауыт – жалақы қарызы бойынша «тәуекел аймаққа» кіретін мекеме. Өткен жылы жұмысшылар жалақы қарызы бойынша шеруге шығып, теміржолдың басты желісін жапқан болатын. Қазіргі уақытта мекеме директорының айтуы бойынша 400 жуық жұмысшылар бар, алайда зауыт жабдықтарының ескіруіне байланысты жұмысшылар ақысыз еңбек демалысында, бірақ іске қосу үшін жаңа жабдықтар алынып, әрекет жасап жатқанын және осы жабдықтардың ескірген себебінен зауыт тоқтап, жұмысшыларға айлықтан қарыз болғанын алға тартты.

Төраға орынбасары Д. Кирбасов кәсіподақ үлесінің қазіргі қоғамда маңызы өте зор екендігін түсіндіре отырып, кәсіподақ мүшелігіне жұмысшылардың кіруіне, еңбеккерлерді кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосуға шақырды. Алдағы уақытта зауыт активімен тығыз байланыста болып, жиналыстарында қатысу көзделіп отыр.

Қосымша айтатын болсақ: Зауыт 1952 жылы құрылған. Бүгінде 400-ге жуық адам жұмыс жасайды. Кәсіпорын жанынан 1967 жылы әк өндіретін цех, екі қазандық іске қосылған болатын. Кәсіпорын бүгінде цементтің түрлі-түсті 7 маркасын шығарады.