Бастауыш кәсіподақ ұйымы татулық пен мейірімділік мерекесін атап өтті. Көктем мерекесі – көпке ортақ. Бұл – ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулуға арналған мереке. Көрісу күнін, амал меркесін Наурыз мейрамының бастауы деуге болады.
Ақтөбедегі мұнай сервистік компания жұмысшылары көктем мерекелерін ерекше атап өтуде. «Аналар мейрамы қарсаңында ұжымдағы қыз-келіншектерді де құттықтадық. «Ынтымақ» Салалық кәсіподағына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымында Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында волейболдан жарыс ұйымдастырылуда. Бұл шаралар ұжым арасындағы ынтымақ пен ауызбірлікті одан әрі нығайта түседі», – дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айбек Нұрпейсов.