Кәсіподақ өкілдерінің Қордай ауданындағы кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және кәсіпорын басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесуде Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов, Қордай ауданы әкімінің орынбасары М.Күзербаев, облыстық ауыл шаруашылық салалық кәсіподағының төрағасы Б. Данияров, “YNTYMAQ” шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Ш.Исабеков сөз сөйледі.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының алдағы 5 жылға қабылданған Стратегиясының бағыттарын жеткізіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жиын барысында кәсіподақ жетекшілері жұмыс берушілерге бастауыш кәсіподақ ұйымын құрудың және ұжымдық шарттың ұтымды тұстарын жан-жақты түсіндіріп берді.
Кездесу нәтижесінде ауданда кәсіподақ ұйымдарын құру жұмыстарына аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетін болады.