Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен, үшінші республикалық «Мейірімділік керуені» асыл және батыл адамдарға арналған байқау ұранымен өтті.
⠀
Байқау қайырымдылық идеяларын насихаттауға, белсенді азаматтық бастаманы дамытуға, игі істер жасайтын және адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтауға және ынталандыруға бағытталған.
⠀
Павлодар облысынан іс-шараға 72 адам қатысты, олардың 10-ы лауреат атанды.
⠀
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
⠀
Әкім байқауға қатысушыларға қаламыздың және жалпы еліміздің игілігі үшін белсенді қызмет атқарғандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, қала басшысы Павлодарда әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, өзгелерді жақсы іс-әрекеттерімен ынталандырып отырған түрлі қызмет саласындағы адамдардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Жүрегі мейірімге толы адамдар мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылықпен белсенді айналысады, білім мен мәдениетті, азаматтық бастама мен жауапкершілікті дамытуға үлкен ықпал етеді.