Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының бастамасымен Жамбыл ауданының әкімі С. Арубаевтың қатысуымен аудандағы бірқатар өндірістік кәсіпорын және ірі шаруа қожалықтарының басшыларымен арнайы кездесу өтті.
Жұмыс берушілермен өткен кездесуде облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Қарашолақов бастауыш кәсіподақ ұйымын құрудың қажеттігін айта отырып, кәсіподақ ұйымдарының Еңбек адамына көрсететін көмегі мен қолдауы, құқығын қорғауы, ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың қалыптасуы мәселелерін егжей-тегжей түсіндіріп берді. Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар федерациясының бүгінде атқарып жатқан ауқымды істері мен әлуеметтік маңызды бағдарламаларына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ш. Исабеков пен өңірдегі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы филиалының төрағасы Б. Данияров кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшыларына өздерінің салаларында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырып, еңбек ұжымында қабылданатын ұжымдық шарттың өзекті тұстарын жан-жақты жеткізді.
Аудан әкімі С. Арубаев кездесуге келген аудандағы іргелі өндірістік кәсіпорындар «СуперФарм» ЖШС, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС, «Бином» ЖШС-гі және т.б. кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымын құруға байланысты қоғамдық негізде жауапты адамды бікітіп, бірге жұмыс жүргізетінін жеткізді.
#kasipodaqkz