Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың 2021 жылғы 5 наурыздағы №30 «Шымкент қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерін мониторингтеу мәселелері туралы» өкімі негізінде құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Мәжілісте топтың тізімі, спикерлер тізімі және ережелері пысықталып, бекітілді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың төрағалығымен өткен отырысқа мониторинг тобының орынбасары ретінде Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов, хатшысы ретінде Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ғ.Шарипов, мүшелері «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов, Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Заңқоев, Әль-Фараби ауданы әкімінің орынбарасы Б.Жанаев, Еңбекші ауданының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Д.Амангелдиев, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарамасы басшысының орынбасары Ж.Өтебаева, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер бірлестігінің өңірлік өкілінің орынбасары, «Элекроаппарат зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары А.Толщин және Шымкент қаласының маслихат депутаттары Т.Сұлтанова мен Н.Керімбаева қатысты.

Сонымен бірге, Шымкент қаласы аумағындағы еңбек дауы болуы мүмкін және жалақы қарыздары бар мекемелер өкілдері де қатысты.

Мониторинг тобының орынбасары Б.Қалжанов қала аумағындағы кейбір кәсіпорындардың қарыздары (еңбекақы, зейнетақы жарналары және т.б.) 120 млн. 621 мың теңгеге өсуі мүмкін екендігіне тоқталып, топ мүшелері қала аумағындағы кәсіпорындардың еңбек қатынастарының жағдайын талқылап, ол мекемелердің өкілдерінің есептерін тыңдады.