Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі

Алматы облысы Панфилов ауданы мәдениет қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Айнакүл Хайбуллаеваның ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Наурыз мерекесіне орай «Мейірім» әлеуметтік орталығында қызмет алушыларға 30 көрпе сыйға тартылды.

Бұл – қайырымдылық шарадағы оюлы көрпелер мәдениет үйінің жанындағы «Аналар» үйірмесінің өз қолдарынан шыққан бұйымдары. «Мейірім» орталығы Алматы облысы салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының құрамына кіреді.