Кәсіподақ мүшелері бұқаралық спортты қолдайды

Ақтөбе облысы білім беру қызметкерлерінің арасында бұқаралық спортты дамыту, ауданда волейбол спортын жетілдіру, мектептер арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнату мақсатында Шалқар ауданындағы №6 орта мектебінің ұжымының ұйымдастыруымен жарыс өтті.

Волейболдан әйелдер арасында өткен жарыс барлық санитарлық талаптарды ескере отырып өткізілді.

Спорт додасына аудандағы № 4,6,8 білім ордаларының командалары қатысты.

Нәтижесінде №4 мектеп спортшылары қола жүлдеге ие болды. № 8 мектеп волейболшылары ІІ орынды иеленсе, №6 мектеп командасы жеңімпаз атанды. Жарысқа аудандық кәсіподақ ұйымы қаржылай демеушілік жасады.