Ақмола облысында кәсіподақ мүшесі «Жігіт сұлтаны» болды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалымен бірлесіп «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді.

7 сатыдан тұратын байқауға облыстың 11 ауданы мен Көкшетау және Степногорск қаласынан 20-29 жас аралығындағы 12 жігіт қатысты. Байқаудың мақсаты – жастардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, салт-дәстүрлерді сақтау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу болып табылады.

“Жігіт сұлтаны” атағын кәсіподақ мүшесі, Красный яр ауылындағы “Көкше” мәдениет үйінің әдіскері Манарбек Амангелді иеленді.