Жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ардагер ұстаздарды құттықтау – Алға аудандық кәсіподақ ұйымының жыл сайынғы дәстүріне айналды.
Биылғы жылы да игі іс жалғасын тауып, Наурыз мерекесі тойланды. Аудандық білім кәсіподағы “Наурыз шуағы” мерекелік онкүндігі аясында сала ардагерлерін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыс етті.
Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мерекеде ардагерлер өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.