Кәсіподақ қолдау көрсетті

ҚР Кәсіподақтар федерациясының биылғы жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялауына орай Ақтөбе облысындағы жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында атқарылып отырған оң істер туралы таныстырмақпыз.

Бүгінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподағы көпке танымал. Олар көптеген игі жаңа бастамаларды іске асырып, ең батысы Еңбек адамдарын үнемі қолдап келеді. Биылғы жыл басталғалы екі айда 8 кәсіподақ мүшесі, яғни зауыт жұмысшыларына 550 мыңнан астам қайтарымсыз қаржылай көмек берілді.

«Біз кәсіподақ тарапынан зауыттағы әр цехтағы кәсіподақ комитетінің жетекшілері арқылы кімге нақты қандай көмек керегін біліп отырамыз. Биылғы жылы Ұлыстың Ұлы күніне орай компания «Наурыз – мейірім айы» атты ауқымды шараны қолға алды. Біз де акцияға белсенді үлес қосып келеміз. Жуырда зауытымыздағы ағайынды жігіттердің Махамбет елді мекеніндегі жер үйі өртенді. Соларға қаржылай қолдау жасап отырмыз», – деді кәсіподақ комитетінің төрағасы Сапарғали Мұқашев.