“Синопэк Ақтөбе” серіктестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымы волейболдан жарыс өткізді

Бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған спорттық шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚРКФ “Бастауыш кәсіподақ ұйымы” жылы аясында қолға алынды. Шараға компанияның кеңсе қызметкерлерімен қатар, мұнай кеніштерінде еңбек етіп жүрген жұмысшылары да белсенді атсалысты.

Спорттық шара тартысты өтті. Барлығы 8 команда қатысты. 1-ші орынды 258-шы бригада, 2-ші орынды Ақтау филиалындағы тампонажды бригада, 3 орынды Ақтөбе облысындағы 606 тампонажды бригада жұмыскерлерінің командалары иеленді. Оларға «Ынтымақ» салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалы төрағасының орынбасары Нұран Мұрзағалиев пен “Синропэк Ақтөбе” серіктестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айбек Нурпеисов дипломдар, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.