Кәсіподақ өкілдері бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты

Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялануына байланысты 25 наурызда «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Данияр Кирбасов және Түркістан облысының «Автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті» кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан жол құрылыс материалдарын шығаратын «Теміртас» ЖШС-не жұмысымен танысу мақсатында барды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің күнделікті еңбек қызметінде кездесетін кейбір мәселелерін саралап, сала қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайлары мен еңбекті қорғау мәселелеріне тоқталды. Кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтты. Кездесу соңында қызметкерлермен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында өткен 22 наурыз мерекесімен құттықтап, жүмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетер жайт, мекеме 2000 жылы құрылып, 187 адам қызмет жасайды. Барлығы – кәсіподақ мүшесі. Кәсіподақ тарапынан мүшелерге демалыс орындарына жеңілдетілген жолдамалар, балаларға лагерьге жолдамалар және басқа материалдық көмектер көрсетілуде.