Бастауыш кәсіподақ ұйымында “Денсаулық” челленджі бастау алды

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымында “Денсаулық” челленджі бастау алды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынай Айтбаеваның айтуынша аталмыш челлендж шетелдік тәжірибелерде соның ішінде, еңбек ұжымында жиі қолданыста болса керек.

– Әсіресе, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайларда жұмысшы топтың денсаулығы да, жұмыс процесінің тоқтамай жалғасуы да өте маңызды, дейді кәсіподақ жетекшісі.

Челлендж аясында қызметкерлер жұмыстағы күйзелісті болдырмау және ұжымдағы бірлікті сақтау мақсатында әртүрлі қызықты тренингтер ұйымдастырып, “Денсаулық – зор байлық” ұстанымын алға тартып, таңғы жаттығуларға уақыт бөледі.

Бүгінгі таңда, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелігінде 58 қызметкер бар. Бірлестік жетекшісі Алтынай Саиновна, кәсіподақ қозғалысын дамыту жолында ерең еңбек етіп жүрген көшбасшылардың бірі. Ұжымда, тұрақты түрде, еңбек қатынастары аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Әсіресе, еңбек адамының мәртебесін көтеру тақырыбында үнемі ашық алаңдар өткізіліп отырады.

Өңірдегі белсенді кәсіподақ ұйымдарын кітапхана қызметкерлерінен бастау алған “Денсаулық” челленджіне атсалысуға шақырамыз!