Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды.
«Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», – делінген құжатта.
Құжатқа сәйкес «Спорт және шеберлік күні» деп жариялануына байланысты Түркістан облыстық «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кәсіподағы» төрағасы Абдурайра Манахов «Су ресурстары – маркетинг» ЖШС мекемесіндегі жұмысшылар арасында қазақтың ұлттық ойындары – асық ату, ләңгі тебу және дойбы ойындары бойынша жарыс өткізді. Жарыс өз дәрежесінде тартысты да қызық өтті.