Кәсіподақ спорт ардагерін мерейтойымен құттықтады

ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалы мен спорт басқармасының жетекшілері спорт ардагері Қадыржан Ізғаринді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қадыржан Ізғарин – ауыр атлетикадан спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, пауэрлифтингтен екі дүркін Азия чемпионы, Ақтөбе қаласы мен Ойыл ауданының құрметті азаматы.

«Біздің спортшы ардагер ағамыз салауаттылықты жастарға насихаттап келеді. Жуырда ғана Қазақстан спортшы ардагерлері құрамасына еніп, күзде Алматыда болатын әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен. Біз осындай танымал ардагерлерімізді әркез назардан қалдырмаймыз. Оның жастарға қамқорлығы, белсенділігі мен спортқа деген жауапкершілігі өзгелерге үлгі», – дейді Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының жетекшісі Назира Табылдинова.