Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның төрағасы А. Мәдиевтің төрағалығымен үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде облыстағы әлеуметтік-еңбек жағдайларының ахуалы, еңбек шиеленістері мен дауларының алдын алу, оны болдырмау және басқа да әлеуметтік өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, жиында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысы Қ.Досаевтың және аудан әкімдері орынбасарларының өңірдегі жыл басынан бері анықталған жалақы қарыздары және анықталған жалақы қарыздарын дер кезінде жою барысында атқарған жұмыстар, облыстағы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру, ұжымдық шартпен қамтылу мәселелері бойынша есептері тыңдалды.
Қ. Досаевтың мәліметі бойынша өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтау бойынша үшжақты меморандумдар саны облыс бойынша 89,7%, ал ұжымдық шарттардың қабылдау барысы 60,2 % құрап отыр.
Өз кезегінде облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б. Қарашолақов аймақтағы әлеуметтік-еңбек жағдайларының ахуалын жақсарту және еңбек шиеленістері мен дауларының алдын алу бағытында облыстың барлық 10 ауданында жұмыс берушілер мен арнайы кездесулер өткенін айтты. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты аудандарда кәсіподақ ұйымы жоқ мекемелер мен кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымынын құру, ал аудан әкімдері тарапынан кәсіподақ ұйымын құруға байланысты қажетті қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқарылатын болады.
Жиын соңында комиссия төрғасы А. Мәдиев отырыста қаралған мәселелерге байланысты үшжақты комиссияның жүйелі жұмыс істеп, нақты нәтижеге жетудің қатаң бақылауда екенін ескертіп, жауапты тұлағараға орындалу мерзімін көрсете отырып, тиісті тапсырмаралды берді.