Кәсіподақ ұйымы студенттерге қауіпті індеттен қорғану шаралары жөнінде дәріс ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан қаласындағы “№8 қалалық емхананың” бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Юсупбек Мұсабаевтың ұйымдастыруымен аталмыш емхананың дәрігер-эпидемиологы Марал Нұғманова “Қазақстан Республикасында коронавирус дертіне қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу алгоритмі”, “КВИ-ның алдын алу” тақырыбында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенттерімен онлайн режимінде кездесу өткізді.

Дәріс барысында дәрігер- эпидемиолог М. Нұғманова қауіпті індеттің алдын алудың негізгі басым бағыттары: қашықтықты сақтау, бетперде кию, қол гигиенасы ережелерін қатаң сақтау шаралары жөнінде атап өтті. Сондай-ақ тиімді тамақтану, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, үнемі дене шынықтырумен айналысудың ағзаның иммундық жүйесін нығайтуға өз септігін тигізетінін айтты.

Кездесу соңында кәсіподақ ұйымының төрағасы Ю. Мұсабаев студенттерге белсенді қатысқаны және қойған сұрақтары үшін алғысын білдірді.