Көктемгі демалыс кезінде Ақтөбе облысының елу ұстазы Алматыдағы «Денсаулық» шипажайында демалып, ем-дом қабылдады. Бұл – мұғалімдердің мәртебесін көтерудің бір көрінісі.
«Денсаулық» шипажайы керемет таулы өлкеде, Есік қаласына жақын маңда орналасқан. Заманауи үлгіде, барлық талапқа сай жасақталған шипажайда демалушылар үшін барлық жағдай жасақталған.
«Мұнда түрлі ем қабылдайтын бөлмелер, фитнес залы, бассейн, концерт залы бар. Асхана қызметкерлері күн сайын тағам рационына өзгерістер енгізіп отырады.
Таулы өлке, әсіресе, Шарын шатқалына, «Алтын адам» табылған Есік қорғанына, Түрген сарқырамасына саяхат жасаудың өзі бір ғанибет, денсаулыққа тигізер әсері мол. Осындай керемет жерде демалып, денсаулығымызды түзедік. Ғажайып демалыс сыйлаған Ақтөбе облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына, «Денсаулық» шипажайының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз», – дейді ұстаздар.