Кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын нығайтуға жіті көңіл бөлінеді

Білім кәсіподағы педагогтардың мүддесі мен құқығын қорғап қана қоймай, мұғалімдердің демалып, денсаулықтарын нығайтуына да жіті көңіл бөледі.

Әсіресе, пандемия кезінде иммунитетті көтеріп, санаторийлік ем қабылдау аса маңызды. Көктемгі демалыс кезінде Қарғалы ауданының ұстаздары қаладағы «Юкон» емдеу-сауықтыру орталығында болып, денсаулықтарын сауықтырып қайтты. Мұнда ұстаздар тұзды шахтада ем қабылдады. Бұл ем-шара теңіз жағалауында дем алғанмен пара-пар. Тұзды шахта зат алмасу процесін қалпына келтіріп, демікпе, бронхит, пневмония, аллергиялық ауруларды емдеуде және алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, шипажайда мұғалімдер емдік душ, массаж қабылдап, толық медициналық тексерістен өтті