Әлеуметтік әріптестер еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұхановтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде жұмыс көлемінің азаюына байланысты қысқарту болжанған мекемелер мен қысқартылған адамдарды жұмыспен қамту мәселесі, облыстағы еңбек қатынастарының жағдайы, әлеуметтік шиеленіс картасы, жалақыдан берешектер, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалар, шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдардың көші-қон және еңбек заңнамаларының сақталуы мәселелері қаралды.

Комиссия отырысында «КМГ Нейборс Дриллинг Компани» ЖШС, «Болат жол», «Мұнай Көлік», «Қазтехмұнайсервис», «ҚазмұнайгазБурение», «АтырауБилдинг», «ГАТЕ Иншат» филиалы, «Казпромставба» ЖШС, «Фиркрофт Инжиниринг» компания өкілдері тындалып, босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамту мәселелері мен ұжымдық еңбек дауларын шешу жолдары талқыланды.

Өз кезегінде кәсіпорын басшылары еңбек дауларын кәсіподақпен бірлесе отырып шешуге дайындығын білдірді.

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі өзінің 2020 жылда атқарған қызметі туралы баяндап, ағымдағы жылға жоспарлары мен міндеттерін атап өтті. Отырыс соңында Атырау облысы әкімдігі, «Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» АКБ, жұмыс берушілердің облыстық бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Облыстық келісім жобасын талқылау тапсырылды.