Облыстық кәсіподақ ұйымының негізін – бастауыш кәсіподақ ұйымы құрайтыны белгілі. ҚРКФ XXVI сьезінде қабылданған кәсіподақтар қозғалысының 2020- 2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрағасы Мухтарита Сағындықова бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесулер өткізуде.
Бұл жолы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Ақтөбе облысы бойынша департаментіне барды. Алдымен департамент басшысы Жолдасқали Бейсовпен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен, кәсіподақ қозғалысындағы жаңалықтармен, алдағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы қысқарту мәселелері жөнінде әңгіме қозғалды.
150-ден астам қызметкері бар іргелі ұйымның күнделікті қызметінде кездесетін кейбір мәселелерді саралап, ұжымдағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларымен танысты. Сонымен қатар, комитет мүшелерімен кездесіп, «Қызмет» салалық комитетінің, облыстық филиалдың қазіргі кезде атқарып жатқан жұмысына тоқталды. Кездесу соңында қызметкерлермен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.