Құрметті энергетиктің еңбек өтілі – 45 жыл

2021 жылғы 30 наурызда «Павлодарэнерго» Энергожүйе қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-2 директоры Владимир Григорьевич Шевцовты құрметті демалысқа шығуына байланысты құттықтады.

1976 жылы Павлодар индустриялық институтын “Электр станциялары” мамандығы бойынша бітіріп, “инженер-электрик” мамандығын алған Владимир Григорьевич өзінің еңбек жолын Павлодар 3-ЖЭО электр цехында аға кезекші электр монтері болып бастады.

Бір жылдан кейін осы цехтың ауысым бастығы болды. 1986 жылы-3-ЖЭО электр цехында пайдалану жөніндегі аға шебер. 1987-1998 жылдар аралығында Владимир Григорьевич 3-ЖЭО станциясының ауысым бастығы лауазымында жұмыс істейді. 1998 жылдан бастап еңбек жолын 3-ЖЭО пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары, содан кейін 3-ЖЭО өндіріс жөніндегі бас инженер, өндіріс жөніндегі бірінші вице-президент – “Павлодарэнерго”АҚ бас инженері болып жалғастырды. 2003 жылдан бастап ол “Павлодарэнерго” АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді, 2012 жылдан бастап “Павлодарэнерго” АҚ бас инженері болып тағайындалды, 2013 жылғы 1 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар 2-ЖЭО директоры болып жұмыс істеді.

Владимир Григорьевичтің өндірістік өтілі – 45 жыл.

Еңбегі үшін Владимир Григорьевич Шевцов “Энергетик-стахановшылардың алғашқы Бүкілодақтық слетіне 50 жыл” белгісімен марапатталды, “ТМД-ның Құрметті энергетигі”атағына ие.

“Владимир Григорьевич өзінің еңбек қызметінің бірінші күнінен бастап бастауыш кәсіподақ ұйымына кірді, онда бастауыш кәсіподақ ұйымының құрметті мүшесі болып қалады. Оның тәжірибесі мен білімі жас қызметкерлерге энергетиканың күрделі мамандығын игеруге көмектеседі”, – деп құттықтады Құрметті энергетик Б. К. Төлеубаев.